АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азиядағы ең ірі сүт фермасы салынып жатыр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мегаферма 8 мың басқа арналған. Жобаны "Зенченко и К" КС 9 миллиард теңге инвестиция құйып, жүзеге асыруғ кірісті.
"Іске қосылғаннан кейін бұл еліміз бен Орталық Азиядағы ең ірі сүт кешеніне айналады. Жыл сайын 26 мың тонна сүт өндірілмек", - деп жазылған хабарламада.
Өңірде сүтті мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді: биыл 11 жаңа ферма салынбақ, ал өткен жылы 17 сүт кешені іске қосылды. Қызыл ауданына жұмыс бабымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кешеннің құрылысымен танысты.