Қырымда неміс дәрігерлерінің ҰОС кезінде жасаған қылмыстары жарияланды

Sputnik
АЛМАТЫ, 5 маусым - Sputnik. Қырымда Ұлы Отан соғысы кезінде кеңес азаматтары мен әскери тұтқындарды неміс дәрігерлерінің қалай жойғандығы туралы құжаттардың құпиясы ашылды, деп хабарлайды РФ федералдық қауіпсіздік қызметінің Қырым басқармасы. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Анықтама неміс медицина қызметкерлерінің кеңес азаматтары мен әскери тұтқындарды жоюы сияқты мәселелер туралы ақпарат ұсынады", - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, құпиясы ашылған құжатта 11-ші неміс армиясының медициналық қызметінің бұрынғы капитаны Эбергард Мюллер туралы ақпарат бар, ол оккупация кезінде кеңес әскери тұтқындарын морфий мен сутегі тотығы инъекциясын енгізу арқылы өлтірумен айналысқан.
"1948 жылы әскери трибунал соттаған Мюллердің өз айғақтарына сәйкес, ол 1942 жылдың алты аптасында ғана мыңға жуық адамды осылай өлтірген", - делінген хабарламада.
Жеңістің 80 жылдығы
Мәскеуде қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерлігіне арналған фотокітап жарық көрді