АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қазақстандағы үш жаңа ЖЭО-ның көмірге деген сұранысы шамамен 10 миллион тоннаны құрайды, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісінов.
"Көкшетау, Семей және Өскеменде үш көмір электр станциясын салу жоспарлануда. Біздің есептеуіміз бойынша олардың сұранысы 10 миллион тоннаға жуық көмірді құрайды", - деді Игісінов.
Ол қазірдің өзінде "көмір өндіруді барынша арттырып, көмір өнеркәсібін жандандыру қажет" екенін атап өтті.
Ресей Қазақстанда үш жылу электр станциясын салады
Ресейдің Қазақстанда үш ЖЭО құрылысына қатысатыны 2023 жылы белгілі болды.
Жылу электр станциясының болжамды қуаты:
Көкшетауда – 248 МВт;
Семейде – 360 МВт;
Өскеменде – 360 МВт.
Тоқаев Путиннің Қазақстанға сапары қарсаңында жарияланған мақаласында жаңа жобалардың маңыздылығына тоқталды.
Ол Ресеймен бірлескен маңызды жобалардың ішінде Қазақстанда үш ЖЭО құрылысының басталуы, Екібастұз ГРЭС-ін жаңғырту, сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірін газдандыру, оңтүстік және шығыс бағыттағы ресейлік энергетикалық ресурстар транзитінің көлемін арттыру бойынша ауқымды бастамаларды атап өтуге болатынын айтты.