АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан Брюсельдің саясатын сынға алды, деп хабарлайды РИА Новости.
Орбанның айтуынша, Брюссель Украинадағы қақтығысты алға тартып, өз билігін күшейтуге, сондай-ақ Еуропалық одақ елдерінің өкілеттілігін алып қоюға тырысқан.
"Біз ондай саясатты білеміз. Оның ешқандай пайдасы жоқ және болашағымызға қауіп төндіріп отыр. Соның салдарынан энергия қымбаттады. Онымен бірге күнделікті өмірімізде қажетті нәрселердің бәрі қымбаттай бастады. Сол себепті еуропа экономикасы қиын жағдайға тап болды. Бұл Мажарстан кірген Еуропалық одақ емес", - деді Орбан.
Бұған дейін Мажарстан премьер-министрі Еуропа мен АҚШ-тың Украинаға барлығы 310 миллиард еуро жұмсағанын айтқан. Ал осы ақшаны еуропа экономикасына салғанда еуропа бүгінде әлдеқайда жақсы өмір сүретін еді. Орбанның айтуынша, ондай қаражатпен "ғажайып өзгерістерді" жасауға болады.