Ақтаудағы әскери бөлімде өрт шықты

Тілсіз жау 70 шаршы метрді шарпыған
Sputnik
АСТАНА, 5 маусым - Sputnik. Ақтаудағы әскери бөлімде өрт шықты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Маңғыстау облысының "101" ТЖД пультіне сағат 20:50-де өрт туралы хабарлама түскен.
"Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан азық-түлік сақтау қоймасының өртенген", - дейді ведомстводағылар.
Тілсіз жау 70 шаршы метрді шарпыған. Өрт 18 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, дейді өрт сөндірушілер.
Астанада тұрғын үй кешенінде өрт шықты