Қазіргі Киев режиміне бейбітшілік мүлдем керек емес – Путин

Ресей президенті кеңес өткізді
Sputnik
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Жақында Брянск және Курск облыстарында теміржолда болған жарылыс лаңкестік әрекет екені сөзсіз, деді Ресей президенті Владимир Путин бүгінгі үкіметпен кеңесте.
"Ал мұндай қылмысты жасау туралы шешім Украинада саяси деңгейде қабылданды. Әрине, өкінішке қарай, барлық жерде және әрқашан қарулы қақтығыс кезінде бейбіт тұрғындар зардап шегеді. Бірақ Брянск облысында болған оқиға бейбіт тұрғындарға мақсатты бағытталған соққы болды. Барлық халықаралық норма бойынша мұндай әрекеттер терроризм деп аталады", - деді Ресей президенті.
Ресей ұсынған Ыстанбұлдағы бейбіт келіссөздердің кезекті раунды қарсаңында бейбіт тұрғындарға, соның ішінде әйелдер мен балаларға қарсы жасалған қылмыстың барлығы келіссөз процесін бұзуға бағытталғаны сөзсіз, деп түйіндеді Путин.
Ресей Брянск және Курск облыстарындағы жарылыстарды теракт деп таныды