Ресей Брянск және Курск облыстарындағы жарылыстарды теракт деп таныды

© Московская транспортная прокуратура / Медиабанкке өтуОбрушение железнодорожного моста в Курской области
Обрушение железнодорожного моста в Курской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Жазылу
Олар жолаушылар, жүк және диагностикалық пойыздардың рельстен шығып кетуіне әкеліп соққан
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Тергеушілер Брянск және Курск облыстарындағы теміржол инфрақұрылымындағы жарылыстарды теракт қатарына жатқызды, деп хабарлады Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко. Бұл туралы РИА Новости жазды.

"Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы биылғы жылдың 31 мамыры мен 1 маусымы аралығында Брянск және Курск облыстарында жолаушылар, жүк және диагностикалық пойыздардың рельстен шығып кетуіне әкеп соқтырған теміржол учаскелері мен көпір құрылыстарындағы жарылыс фактілерін теракт қатарына жатқызды (РФ ҚК 205-бабы)", - деді ол.

Брянск облысында жолаушылар пойызы өтіп бара жатқанда көпір опырылып құлады.
Курск облысында түнде жүк локомотиві өтіп бара жатқан кезде темір жол көпірі құлады.
Жаңалықтар
0