АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Астанада Қазақстанның Туының көлемді бейнесі 3 000 кубиктен құрастырылды.
Қазақстан Туының көлемді бейнесі 3000 кубиктен құрастырылды
Рәміздер күніне арналып жасалған инсталля́ция тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырған "Менің байрағым" атты мерекелік шарада ұсынылды.
Шараның басты ерекшелігі – Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылатын ауқымды спидкубинг шоуы болды.
Жас шеберлер 3 000 рубик кубигінен Мемлекеттік Тудың көлемді бейнесін құрастырды. Бұл – техникалық дәлдік пен шығармашылықтың үйлескен ерекше қойылым болды.
Рәміздерге деген құрметті ерекше форматта жеткізетін бұл көрініс елорда тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер сыйлады.