Павлодарда әлем чемпионатының жүлдегері министрліктен 700 мың теңге өндіріп алды

️2019 жылдың қараша айында Павлодар тұрғыны Сербия республикасында өткен гір көтеруден әлем чемпионатында екінші орын алған
Sputnik
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Павлодарда 62 жастағы әлем чемпионатының күміс жүлдегерінің құқығы қорғалды, деп хабарлайды облыстық сот.
2019 жылдың қараша айында Павлодар тұрғыны Сербия республикасында өткен гір көтеруден әлем чемпионатында екінші орын алған.
️Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай ынталандырулар мен ақшалай сыйақы беріледі.
Алайда сол кездегі спорт министрлігі жүлдегерге тиісті жүлденің ақшасын төлемеген.

"К️ейін спортшы өзіне тиесілі ақшаны сұрап барғанда, министрлік төлем туралы өтініш мерзімінің өтіп кеткенін алға тартып, қаржылай жүлдені беруден бас тартқан. Жүлдегер сотқа жүгінеді. Сот татуластыру рәсімін жүргізді, оның барысында судья алдын ала құқықтық пікірін білдіріп, кейін тараптар татуласуға келді", - делінген хабарламада.

️Талап бойынша министрлік 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін тиісті төлемді жасауға міндеттелді.
Арыз беруші 700 мың теңгеден астам тиісті сыйақысын алған.
Жыл басынан бері 50 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды