Жыл басынан бері 50 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуКаски рабочих, архивное фото
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2024
Жазылу
Жұмыс берушілерге 371 млн теңге айыппұл салынды
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 50,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 277 кәсіпорны 18,7 мың жұмыскерге 4,4 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,5 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы дерегі анықталды.
"Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 249 ұйғарым берілді және 50,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 3,4 млрд теңге төленді.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 039 тексеру жүргізді, оның барысында 7 583 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 723; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 793; халықты жұмыспен қамту бойынша – 67.
Жұмыс берушілерге 2 998 ұйғарым беріліп, 371 млн теңге сомасына 3 359 әкімшілік айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 33 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Жаңалықтар
0