Ақтауда баланы ажалдан арашалаған жасөспірімдер марапатталды

Каспий теңізінің жағалауында 14 жастағы жасөспірім суға батып кете жаздады
Sputnik
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов теңізге батып кете жаздаған жасөспірімді құтқарған Рамазан Зұлқашев пен Абзал Жалғасбаевты марапаттады, деп хабарлайды Lada.kz.
Абзал Жалғасбаев оқиға кезінде жағалаудағы мейрамханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген. Ал Рамазан Зулкашев Ақтауға Атырау облысынан сапармен келген. Кәсіби спортшы болуды армандаған Рамазан батып бара жатқан жасөспірімге бірінші болып жеткен.
"Мен футболшымын, еш ойланбастан теңізге қарай тез жүгірдім. Баланы құтқара салысымен оған бірден алғашқы көмек көрсетіп, тезірек сауығып кетуін тіледік", - деді Рамазан Зұлқашев.
Естеріңізге сала кетейік, 28 мамырда Каспий теңізінің жағалауында 14 жастағы жасөспірім суға батып кете жаздады. Ол тыйым салынған жерден теңізге секірген.
Қостанайда жасөспірім суға батып кетті