АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Алматыда жеке тұрғын үйде газ жарылып, үйінді астынан егде жастағы адамның мәйіті табылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
"2 маусымда сағат 13:55-те Алатау ауданының "Шапағат" шағын ауданындағы Биянху көшесінде орналасқан тұрғын үйде құтқару жұмыстары барысында 1949 жылы туған адамның мәйіті табылды", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала ақпарат бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан 1980 жылы салынған жеке тұрғын үй конструкциялары қираған.
Оқиға орнында құтқару қызметінің күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр.
Болған оқиғаның себебі мен мән-жайын жедел тергеу тобы анықтайды.