Алматыда 1 маусым күні балалар метромен тегін жүре алады

Алматыда 1 маусым күні балалар метромен тегін жүре алады
Sputnik
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы метросында балалар үшін жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Алматы метрополитені.
Метрополитеннің хабарлауынша, 1 маусым күні Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар метромен тегін жүре алады.
Бастама мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға бағытталған. Метрополитеннің ашылған сәтінен бастап және станциялар жабылғанға дейін күні бойы тегін жол жүруге болады.
Балалар неше жасқа дейін пойызбен тегін жүре алады