Балалар неше жасқа дейін пойызбен тегін жүре алады

© Sputnik / Тимур БатыршинЖелезнодорожный вокзал Алматы возобновил работу после снятия блокпостов
Железнодорожный вокзал Алматы возобновил работу после снятия блокпостов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ балалар үшін пойызға билет алу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
7 жасқа жетпеген балалар пойызбен тегін жүреді. Бірақ оларға бөлек орын берілмейді. Ал бөлек орын үшін балалар билетін сатып алу қажет.
Егер 7 жасқа дейінгі балалар саны екі немесе одан көп болса, билет алуға тура келеді.
7-15 жас аралығындағы балалар билетіне ересектер билеті құнының 50 пайызы көлемінде жеңілдіктер бар. Ал 15 жастан асқан балаларға ересек адамдармен бірдей билет сатып алу қажет.

Балалар билетін алу үшін қандай құжаттар қажет?

Балаға билет алу үшін жеке басын куәландыратын құжат – баланың туу туралы куәлігі немесе паспорты керек болады.
Баланың туу туралы куәлігі немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі билетпен бірге жолсерікке пойызға мінер алдында беріледі.

Баланың өзін пойызбен жалғыз қалай жіберуге болады?

15 жасқа дейінгі балалар тек ересектермен бірге ғана пойызға отыра алады. Егер бала пойызда оның заңды өкілі болып табылмайтын адаммен бірге жүрсе, онда сол адамның баланы ертіп жүруіне рұқсат ететін сенімхаты болуы шарт. Ондай құжатты нотариустан алады.
15 жастан асқан балалар пойызда өзінің ата-анасы, яғни заңды өкілінің атынан оның жалғыз жүруіне рұқсат етілгені нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда өзі саяхатқа шыға алады.
Ал жолаушылар пойызына отырғызғанда немесе жолда баланың қасында заңды өкілі бірге болған жағдайда сенімхат көрсету талап етілмейді.
Жаңалықтар
0