АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. 26-30 мамыр аралығында "Россия сегодня" халықаралық медиа тобының Мәскеудегі кеңсесінде "SputnikPro на Зубовском" жобасының биылғы бірінші модулі өтті. Оған Абхазиядан, Армениядан, Беларусьтен, Қазақстаннан, Қырғызстаннан және Молдовадан 12 журналист қатысты.
Қатысушылар үшін ауқымды бағдарлама дайындалды: құрамына Sputnik, РИА Новости және басқа да танымал ресейлік БАҚ кіретін медиа-топ қызметкерлерінің дәрістері, практикалық тапсырмалар және шеберлік сабақтары.
Қазақстан журналистері Мәскеуде "SputnikPro" модулінде білім алды
© Anastasia Petrova
"Радио Sputnik" дирекциясының директоры Маргарита Некрасова модульге қатысушыларға ақпаратты ұсынудың заманауи форматтары туралы айтып берді. Сол секілді Таяу шетелдегі және Балтық елдеріндегі Sputnik мультимедиялық орталықтар дирекциясы Контент құру бөлімі басшысының орынбасары Вероника Антонова-Тризно Telegram арналарымен жұмыс істеу туралы толығырақ айтып берді.
Жалпы мобульге қатысушылар журналистикадағы нейрондық желілерді пайдалану туралы біліп, виртуалды студияда жұмыс істеуді игерді, видео түсіру және монтаждау дағдыларын пысықтады, жасанды интеллекттің әртүрлі құралдары мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып визуалды контент жасады, сонымен қатар чат-боттарды қолдануды үйренді.
"Мен журналистиканы жақсы көремін және мұндай іс-шаралар мені шабыттандырады. Сондықтан қуана қатысамын, өйткені бұл мен үшін орасан зор тәжірибе", - деді Liter.kz сайтының бас редакторы Малика Ғалиева.
Апталықтың соңында сертификаттарды табысталып, жылы лебіздер айтылды.