АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Моңғолия мен БАӘ жыл соңына дейін ЕАЭО-мен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қояды, деп хабарлады Ресей Сыртқы істер министрлігі.
"Индонезиямен келісім аяқталуға жақын. Қазір Мысырмен келіссөз жүргізіліп жатыр", - деді Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин.
ЕАЭО еркін сауда аймақтарын құру арқылы терең ынтымақтастықты арттыруға мүдделі елдермен серіктес болуды жоспарға енгізген.
Қазірдің өзінде Вьетнаммен, Сербиямен және Иранмен осындай үш келісім, сондай-ақ Қытаймен сауда келісімі бар, деп атап өтті спикер.
ЕАЭО еркін сауда аймағына бүгінде Иран, Вьетнам, Сербия және Сингапур кіреді. Мысырмен және Үндістанмен келіссөз жүргізілуде.