Атырау облысында ауыл тұрғыны енесін өлтірді деген күдікке ілінді

Күдікті ретінде 39 жастағы әйел ұсталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 30 мамыр – Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылында егде жастағы әйел кісі қолынан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
БАҚ-та бұл қылмысты жасады деген күдікпен 83 жастағы марқұмның келіні ұсталды деген ақпарат тарады, полиция бұны Sputnik Қазақстан тілшісіне растады.
"1942 жылы туған әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде", - дейді облыстық полиция департаменті.
Оқушы сыныптасын өлтірді: әкімдік тың деректерді жариялады