Астанада 4 млн теңгеге алтын бұйымдарды ұрлаған әйел ұсталды

Тергеу барысында күдіктінің мұндай қылмысты бұрын да жасағаны анықталды
Sputnik
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Астанада алтын бұйымдарды ұрлаған 30 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Ол Астана қаласында зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлаған.
"Полицияға дүкен өкілі белгісіз әйелдің бутиктен алтын әшекейлерді ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Дүкен қызметкерлері жоғалған заттарды тауар түгендеу кезінде анықтаған. Бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарау барысында, сатушы басқа клиентке назар аударған сәтте жас әйелдің алтын әшекейлерді байқатпай алып кеткені белгілі болған", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында күдіктінің мұндай қылмысты бұрын да жасағаны анықталды. Ол бірнеше күн қатарынан зергерлік дүкеннен ұрлық жасап жүрген.
Ұрланған заттардың жалпы құны 4 миллион теңгеден асады. Күдікті өз қылмысын мойындап, ұрлаған бұйымдардың бір бөлігін ломбардқа өткізіп, ақшасын жұмсап үлгергенін айтқан.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Жүзден астам адамның 150 млн теңгесін ұрлаған интернет алаяқтары ұсталды