Жаңаөзен тұрғынынан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды
Sputnik
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Жаңаөзенде жергілікті тұрғыннан бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл заңбұзушылық "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған.
Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балықтарды заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады. Тәркіленген балық салмағы 508 келіні құрады.

"Ер адамнан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

ІІМ "Заң мен Тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастыруда, дейді полициядағылар.
Маңғыстау облысында бекіре өсіріп, уылдырық өндіретін ферма ашылады