АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Жамбыл облысында білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Түзету мекемесі жанындағы №15 колледж" басшылығы миллиондаған қаражатты жымқырған.
Олар оқуға іс жүзінде қатыспаған сотталғандарға білім бергені үшін 3 жыл көлемінде 25,5 млн теңге қаражатты заңсыз алған.
"Биыл 5 ақпанда облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.