Қарағанда облысында бұрынғы ауыл әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау ауылының экс-әкімі қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, экс-әкім 23 жастағы қызға зорлық көрсеткен. Бұл туралы қыздың ата-анасы полицияға шағым түсірген. Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады.
"Тұрғынның өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол күні полиция күдіктіні тұтқындап, қамады. Соттың санкциясы бойынша оған қатысты үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды", - дейді полиция.
Қадағалау органы сот алқасына жеке апелляциялық өтініш берген. Нәтижесінде күдіктіге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді.
Айта кетейік, бұл оқиға туралы қоғамдық белсенді Айнұр Балакешова өзінің жеке парақшасында жариялады. Онда жәбірленуші қыздың анасы заңсыздықтар туралы айтып шағымданған.
Ал Шет аудандық әкімдігі оқиға болған кезде күдікті әкім қызметінде істемегенін айтады.
"Қылмыстық іс қозғалған кезде ол ауыл әкімі қызметін атқарған жоқ. Бұл іс жеке сипатта", - деді аудан әкімдігі.
Подросток за забором, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
"Қамаңыздаршы": Түркістан облысында 6 адам мүгедек жігітті зорлады деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0