АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимованы Алтын адамның көшірмесі таңғалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Астанаға келген Любимова іссапарын Ұлттық музейден бастады. Сол жерде мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевамен бірге бірнеше экспозицияны аралап шықты. Оған Алтын адамның көшірмесі де таныстырылды.
"Бұл – таңғажайып. Реставрациясын да өте шебер жасап шыққан. Заманауи зергерлік әшекейлер сияқты", - деді Любимова.
Айта кетері, Астанадағы Ұлттық музейде Алтын адамның көшірмесі орнатылған. Түпнұсқасы 1969-1970 жылдары Есік қорғанынан табылды.