Атырау облысында атыс болды: үш адам жараланды

1 науқас жедел түрде санавиация қызметі арқылы облыстық ауруханаға жеткізілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 мамыр - Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында атыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен.
"Олар дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде 1 науқас жедел түрде санавиация қызметі арқылы облыстық ауруханаға әкелінді", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, жараланғандарды ажалдан аман алып қалған.
"Оттегімен емдеу және инфузиялық терапия жасалды. Қазіргі уақытта азаматтар облыстық аурухана дәрігерлерінің бақылауында", - дейді ведомстводағылар.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысушыларды анықтау және ұстау үшін кешенді шаралар қолға алынды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Тергеу департамент басшылығының бақылауында.
Швеция мектебінде атыс болды: кемінде 10 адам қаза тапты