АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Мемлекеттік сатып алу саласында заңсыз есептелген 29 млрд теңге анықталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Мемлекеттік сатып алу саласында биыл 5 айда тауарлардың құнын 29 млрд теңгеге дейін қымбаттатып көрсеткен.
"Оның 6,4 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды. Қалған 22,6 млрд теңгенің тауарын тапсырыс берушілер қайта қарап, олар бойынша жоспарлы бағалар төмендетілді немесе сатып алынатын тауарлар көлемі ұлғайды", - дейді ведомство.
Былтыр 55 млрд теңгеге артық өсім анықталып, оның ішінде 26 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды, 29 млрд теңгеге сатып алу қайта қаралды.