Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбыры іске жарамай қалған

Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 мауым – Spunik. Алматы облысы Қарасай ауданы Тұрар ауылында 763 742 332 теңгеге жасалған ауыз су құбыры іске жарамай қалған. 4 жылдан бері мемлекеттік бағдарламамен берілуге тиіс ауыз суға тұрғындардың қолы жетпей жүр. Тұрарлықтардың базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Тұрар ауылында ұзын-ырғасы 7 000 халық тұрады. Бір ғасырлық тарихы бар елді мекеннің тұрғындары ауыз суға жарымай келеді.
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
"Бұл ауыз су мемлекеттік бағдарламамен берілу керек болған. 2020 жылы 27 сәуірде "Үлгілі құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалған. Бүкіл ауылдың көшесіне ауыз су құбыры түгел тартылды. Әу баста үйге тегін тартып береміз деп алып, арада екі ай өткен соң әр үй өзіне кіргізу үшін өздері ақша төлеу керек деп шықты", - дейді Тұрар ауылының тұрғыны Сәуле Тоқбаева.
Құбыр төселгелі 4 жыл, бірақ ауыз суды ешкім ішпеген. Құбыр тартқандар көше біткеннің асфальтін қиратып кетті дейді тұрғындар.
"Әр үйге ауыз суды 90 мың теңгеден кіргіземіз дейді. Бірақ шын мәнінде кем дегенде 250-300 мың теңгеден шығын шығады. Онда да үйдің құбырға дейін алыс-жақын орналасқанына қарай. Мемлекеттен ауыз су бағдарламасына бөлінген 763 742 332 теңгенің құбырлары жердің астында іске жарамай жатыр. Су жүрмеген соң ол құбырлар шіріп те кетті. Сорғы станциясын да салды, ол да іске жарамай тұр", - дейді Сәуле Тоқбаева.
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
Бұл жұмыс "Үлгілі құрылыс" жауапкершгілігі серіктестігінен "Таусамалы" серіктестігіне ауысқан.
"Бұған 1 миллиард теңгеге жуық ақша жұмсалып, құбырды жердің астына көміп тастады. Біз күте-күте жерден өзіміз су шығарып алдық. Ол техникалық су, ішуге жарамсыз суды пайдаланып отырмыз. Міне 4 жыл болды бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Біз үйімізге кіргізіп берсін деп тұрған жоқпыз, бірақ қалтамыз көтеретіндей бағаны айтсын. Дәл осы бағдарламамен басқа ауылдарда ауыз суды тіпті үйлеріне дейін тегін кіргізіп, есептегіш құралдарын орнатып берген", -дейді Тұрар ауылының тұрғындары.
Құбырлар қолдан қолға ауысып жүргенде, халық жерден қазып су шығарып алған. Енді "Тау самалы" серіктестігі тұтынушы саны 100-ге жеткенде ауызсуды бере аламыз деп отыр, бірақ күтуден жалығып, жерден су қазып алған тұрарлықтар бірнеше жүз мың теңге төлегенше техникалық су ішіп отыра береміз дейді. Ал Қарасай ауданы әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәселенің расымен ушығып тұрғанын растады.
"Тұрар ауылына 2020 жылы желтоқсанда мердігер мекеме құбыр тартты. Бірақ олар тапсырып кеткеннен кейін мәселе ушықты. Жобада үйге дейін кіргізіп беру керек деп көрсетілген, бірақ кез келген жобада әу баста солай айтылады, бірақ жоба құны өседі. Тұрардағы ауыз су жобасының құны 8-9 млн шығып тұр, егер үйге дейін қосып берсек, жобаның құны 1,5-2 млрд теңгеге дейін кетіп қалады. Үкіметтен ондай ақша қарастырылмаған болуы керек. Жоба құны 1 млрд-қа дейін болуы керек, одан артық қарастырылмаған деген соң ауыз су үйге дейін кіргізілмеді", - дейді Қарасай ауданы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Нұрбол Жүнісбек.
Жер астында 4 жыл бойы су жүрмеген құбырлар істен шыға бастаған.
Қазіргі қабылдап алған серіктестік іске жарамай жатқан құбырларды жамап-жасқаумен жүр.
"Тау самалы" серіктестігіне ақаулармен берілді. Қолданылмағандықтан құбырлар бұзыла бастаған, серіктестік ақауларды әлі жасап жатыр. Енді адамдардың қосылғанын күтіп отыр. 100 шақты отбасы қосылса, ауыз су беріледі. Тұрғындарға әртүрлі жеңілдік беру жолдары да айтылып жатыр. Бірақ халық бәрін тегін жасап, тегін қосып беріңдер деп көнер емес. Алматы облысының ТҮКШ басқармасы да бұны бақылауда ұстап отыр. Егер мәселе шешілмесе, әр үйдің шығынын есептеп, мемлекеттік бюджеттен ақша сұрау туралы да ұсыныс қаралып жатыр. Бірақ бұның да жобалық-сметалық құжаты жылдап жасалады. Қысқасы мемлекеттен қаржы сұрап, суды тегін кіргізу бұл уақыттың еншісінде, басы піспеген мәселе", - дейді Нұрбол Жүнісбек.
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
Айтпақшы, құбырлармен қоса салынған 450-ден астам люк бар. Соның 300-ден астамында қақпағы жоқ. Іші қоқыстан көрінбей жатыр.
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
"Құбыр салынғанда барлығының қақпағы болған. Тұрғындар ұрлағанын ұрлап, өздері жоқ қылды. Ол мәселе де шешіледі, люктер олай ашық-шашық жатпайды", - дейді Қарасай ауданы әкімдігінің ТҮКШ мамандары.
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Алматы облысында 800 млн теңгеге тартылған су құбырлары іске жарамай қалды
Түйіндей келгенде халық пен билік дереу бір шешімге келмесе, жер астына көмілген құны 800 млн теңгелік құбырлар сол күйі іске жарамай, мемлекеттің қаржысы желге ұшады. Ал тұрарлықтар сол күйі ауыз сусыз қалады.
Жаңалықтар
0