Сәтбаев қаласында мас жүргізуші жасөспірімдерді қағып кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 26 мамыр - Sputnik. Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында екі жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды облыстың полиция департаменті.
Жүргізуші ұсталды.
"Оқиға 25 мамырда Абай көшесіндегі кафенің жанында болды. Жүргізуші жол жиегінде тұрған екі жасөспірімді қағып кетті. Полиция қызметкерлері мас болған жүргізушіні дереу ұстады", - дейді полицейлер.
Жасөспірімдер медициналық тексеруден өткен, қазір олардың денсаулығына қауіп жоқ.
"Іс бойынша материалдар сотқа жіберілді және тиісті шешім жақын арада қабылданады. Тергеу барыс полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деді полиция.
Велосипед мінген тағы бір баланы көлік қағып өлтірді