Велосипед мінген тағы бір баланы көлік қағып өлтірді

© Photo : Sergek GroupМобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
Көлік жүргізушісі қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға Глубокое ауданы Тарханка ауылында 13 мамырда болған.
"Lada" көлігінің жүргізушісі көше бұрылысында велосипед мінген жасөспірімді қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлайды ведомство.
Көлік жүргізушісі қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, сәуірде Астанада жүк көлігі тұрғын үй ауласында велосипед теуіп келе жатқан алты жасар баланы басып кеткен болатын.
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Астанада жүк көлігі тұрғын үй ауласында алты жасар баланы басып кетті
Жаңалықтар
0