АСТАНА, 26 мамыр– Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады.
Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда:
тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету;
экономиканы әртараптандыру;
қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту;
жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту;
экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.