АСТАНА, 26 мамыр– Sputnik. Бүгін Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік монументі жанында "Алтайдан Оралға дейін" республикалық велошеруді салтанатты түрде басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан спорт және денешынықтыру комитетіне сілтеме жасап.
Велошеру жұмысшы мамандықтар жылына арналып отыр. Оған 236 велошабандоз және Өскемендегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 200-ден астам студенті қатысуға ниет білдірді.
Шеру еліміздің сегіз өңірі - Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары, Астана қаласы, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары арқылы өтеді.
Ал 8 маусым күні Орал қаласында мәресіне жетеді.