АЛМАТЫ, 23 мамыр – Sputnik. Талдықорғанда Шерзат Полатқа қатысты сот өтіп жатқан кезде жер сілкінісі болды.
Жер асты дүмпуі сот-медициналық сарапшы сөйлеп жатқанда сезілген. Сот үзіліс жариялап, барлық қатысушы дереу ғимараттан шықты.
Қазақстандық сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 балды құрады. Зілзала ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.