Денсаулығына ауыр зиян келтірген: Павлодарда баланы сүндеттеген дәрігер сотталды

Сот оның кәмелетке толмаған үш баласының барын, бұған дейін қылмысты болмағанын ескерді
Sputnik
АСТАНА, 23 мамыр - Sputnik. Павлодарда кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамаған дәрігерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.
Ақ халаттының ісі Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Оған "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамау" бойынша айып тағылған.
Хирург 2023 жылы баланы сүндетке отырғызғанда оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Сотта дәрігердің кінәсі толық дәлелденген.
Баланың ата-анасы соттан ауыр жаза тағайындауды сұрады. Сот оның кәмелетке толмаған үш баласының барын, бұған дейін қылмысты болмағанын ескерді.
"Сот үкімімен сотталушыға пробациялық бақылау белгілеумен міндеттер жүктеп және мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындалды", - дейді ведомство.
Сондай-ақ ол 1 жыл мерзімге хирург ретінде медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Павлодарда хирург 5 жасар баланың жыныс мүшесінің бір бөлігін кесіп жіберген