https://sputnik.kz/20250523/pavlodarda-balany-durys-sundettemegen-dariger-sottaldy-53808499.html
Денсаулығына ауыр зиян келтірген: Павлодарда баланы сүндеттеген дәрігер сотталды
Денсаулығына ауыр зиян келтірген: Павлодарда баланы сүндеттеген дәрігер сотталды
Sputnik Қазақстан
Сот оның кәмелетке толмаған үш баласының барын, бұған дейін қылмысты болмағанын ескерді 23.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-23T12:00+0500
2025-05-23T12:00+0500
2025-05-23T12:22+0500
павлодар
дәрігер
сот
https://sputnik.kz/img/863/75/8637585_0:79:1498:922_1920x0_80_0_0_fab99b060dd081b89f664c8520e21317.jpg
АСТАНА, 23 мамыр - Sputnik. Павлодарда кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамаған дәрігерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.Ақ халаттының ісі Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Оған "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамау" бойынша айып тағылған. Хирург 2023 жылы баланы сүндетке отырғызғанда оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Сотта дәрігердің кінәсі толық дәлелденген. Баланың ата-анасы соттан ауыр жаза тағайындауды сұрады. Сот оның кәмелетке толмаған үш баласының барын, бұған дейін қылмысты болмағанын ескерді. Сондай-ақ ол 1 жыл мерзімге хирург ретінде медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20230831/pavlodarda-khirurg-5-zhasar-balanyn-zhynys-mushesinin-bir-boligin-kesip-zhibergen-38093060.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/863/75/8637585_83:0:1416:1000_1920x0_80_0_0_ae85925bc5514da65c6d45dac933371a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, дәрігер, сот
Денсаулығына ауыр зиян келтірген: Павлодарда баланы сүндеттеген дәрігер сотталды
12:00 23.05.2025 (жаңартылды: 12:22 23.05.2025) Сот оның кәмелетке толмаған үш баласының барын, бұған дейін қылмысты болмағанын ескерді
АСТАНА, 23 мамыр - Sputnik. Павлодарда кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамаған дәрігерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.
Ақ халаттының ісі Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Оған "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамау" бойынша айып тағылған.
Хирург 2023 жылы баланы сүндетке отырғызғанда оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Сотта дәрігердің кінәсі толық дәлелденген.
Баланың ата-анасы соттан ауыр жаза тағайындауды сұрады. Сот оның кәмелетке толмаған үш баласының барын, бұған дейін қылмысты болмағанын ескерді.
"Сот үкімімен сотталушыға пробациялық бақылау белгілеумен міндеттер жүктеп және мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындалды", - дейді ведомство.
Сондай-ақ ол 1 жыл мерзімге хирург ретінде медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.