АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Мәслихат депутаттары ертең Алматы әкімін тағайындауға келісім беру үшін жиналады, деп хабарлады қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі.
VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысы 24 мамыр күні сағат 12:00-де өтеді.
"Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетінін хабарлайды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып 2022 жылдың 31 қаңтарында тағайындалды.