Депутаттар Алматы әкімін тағайындауға келісім беру үшін бас қосады

© Photo : пресс-служба акима АлматыЗдание акимата Алматы до и после январских событий
Здание акимата Алматы до и после январских событий - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Жазылу
Қазір қаланы Ерболат Досаев басқарып отыр
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Мәслихат депутаттары ертең Алматы әкімін тағайындауға келісім беру үшін жиналады, деп хабарлады қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі.
VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысы 24 мамыр күні сағат 12:00-де өтеді.
"Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетінін хабарлайды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып 2022 жылдың 31 қаңтарында тағайындалды.
Троллейбусы встали   - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2024
Алматының троллейбус паркі толығымен жаңартылады – Досаев
Жаңалықтар
0