АСТАНА, 23 мамыр-Sputnik. Ақылы жолдардың жөнделіп жатқан учаскелерінде төлем алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлады көлік министрі Марат Қарабаев.
"Мысалы, ұзындығы 100 км ақылы учаске бар, оның ішінде үш шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы 3 км жолдың құны автоматты түрде жалпы құннан алынады. Бұл жүргізушілер ақылы учаскелерде сапасыз жол үшін ақша төлемеуі үшін жасалып отыр", - деді ол.
Жолдардың жөнделіп жатқан учаскелерінің ұзындығы камералар арқылы автоматты түрде өлшенетін болады, деп нақтылады министр. Бұйрыққа енгізілген түзетулер жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, 30 мамырға дейін талқыланады.