Алматы әуежайында көлікті тұраққа қоюға шектеулер енгізілді

Тұрақ алаңдарын жаңарту және асфальт жамылғысын ауыстыру жұмыстары бір айдан астам уақытқа созылады
Sputnik
АСТАНА, 22 мамыр - Sputnik. Әуежай 23 мамырдан бастап жөндеу жұмыстарына байланысты көлікті тұраққа қоюға шектеулер енгізеді, деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
"2025 жылдың 23 мамырынан бастап, ішкі рейстерге арналған Т1 терминалы алдындағы тұрақ алаңдарын жаңарту және асфальт жамылғысын ауыстыру жұмыстары басталады. Жұмыстар туристік полиция ғимараты мен пандусқа кіреберіс арасындағы тұрақ орындарын, сондай-ақ негізгі кіреберістен пандусқа дейінгі жолды қамтиды", - деп жазылған хабарламада.
Жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіледі және жөндеу жұмыстары барысында тұрақ алаңының кейбір бөліктері жабылады. Барлық жұмыстар маусым айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Вьетнамдық компания Қазақстанда әуежай сатып алады