"Қазақтелеком" акциялары бірден 31,51%-ке төмендеп кетті

Компания акцияларының сауда-саттығы қашан қайта басталатыны әзірге белгісіз
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 мамыр – Sputnik. 22 мамырда KASE биржасында "Қазақтелеком" провайдерінің акцияларын сату автоматты түрде тоқтатылды.
Бұған алдыңғы күнмен салыстырғанда акциялар бағасының күрт төмендеуі себеп болған:
21 мамырда акциялар бір дана үшін 58 400 теңгеден ($114,3) сатылды;
22 мамырда соңғы мәміле бір акция үшін 39 999 теңгеден (7 78,3) өтті.
Биржада "Премиум" санатындағы акциялар алдыңғы күннің бағасымен салыстырғанда 30 және одан да көп процентке төмендегенде биржалық қызмет қағидасының талаптарына сәйкес сауда-саттық тоқтатылады.
"Сауда-саттықты тоқтата тұру KASE сауда жүйесінде сауда-саттықтың негізгі режимдерінде автоматты түрде жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Сауда-саттықты қайта бастау туралы шешім ертең қабылданады.
Ұлттық қордың ақшасына "Қазатомөнеркәсіп" акциялары сатып алынады