https://sputnik.kz/20240715/ulttyq-qordyn-aqshasyna-qazatomonerkasip-aktsiyalary-satyp-alynady-45645740.html
Ұлттық қордың ақшасына "Қазатомөнеркәсіп" акциялары сатып алынады
Ұлттық қордың ақшасына "Қазатомөнеркәсіп" акциялары сатып алынады
Sputnik Қазақстан
Акцияларды сатып алуға Ұлттық қордан 467,4 миллиард теңге бөлінеді 15.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-15T11:17+0500
2024-07-15T11:17+0500
2024-07-15T11:17+0500
ұлттық банк
ұлттық қор
https://sputnik.kz/img/07e7/08/19/37950565_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_69c7ba444e8735d7ce20efcf95d8ceb8.jpg
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан үкіметі республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында ұлттық қорға жалпы сомасы 467,4 млрд теңгеге "Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын сатып алуға шешім қабылдады, деп хабарлайды ұлттық банк. Осы шешімді іске асыру мақсатында банк ұлттық қордан шамамен 970 млн АҚШ доллары сомасына шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырады.Ұлттық банк доллардың үлкен көлемін бiркелкi сатуды жоспарлап отыр. Осы айдан бастап 4 ай ішінде 970 млн АҚШ доллары сатылады. Осылайша, айына 243 млн АҚШ доллары көлемінде айырбасталады.Валюта нарығындағы сату көлемі статистикалық ақпаратының шығу кестесіне сәйкес жарияланатын болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/19/37950565_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_9856201abdbf6fde4260a49c568576a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, ұлттық қор
Ұлттық қордың ақшасына "Қазатомөнеркәсіп" акциялары сатып алынады
Акцияларды сатып алуға Ұлттық қордан 467,4 миллиард теңге бөлінеді
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан үкіметі республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында ұлттық қорға жалпы сомасы 467,4 млрд теңгеге "Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын сатып алуға шешім қабылдады, деп хабарлайды ұлттық банк.
Осы шешімді іске асыру мақсатында банк ұлттық қордан шамамен 970 млн АҚШ доллары сомасына шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырады.
"Операцияның жоспардан тыс сипатын ескере отырып, көрсетілген көлемді қысқа уақыт аралығында сату валюта нарығының теңгерімділігіне елеулі әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтеріне ұлттық қор активтерін тікелей сату арқылы Ұлттық Банк біржолғы конверсиялық операция жүргізуге ниетті", - делінген ресми хабарламада.
Ұлттық банк доллардың үлкен көлемін бiркелкi сатуды жоспарлап отыр. Осы айдан бастап 4 ай ішінде 970 млн АҚШ доллары сатылады. Осылайша, айына 243 млн АҚШ доллары көлемінде айырбасталады.
Валюта нарығындағы сату көлемі статистикалық ақпаратының шығу кестесіне сәйкес жарияланатын болады.