АЛМАТЫ, 22 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы саласында 15 шетелдік трансұлттық компания ірі жобаларды жүзеге асырады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жобалардың жалпы құны – 4 трлн доллар. Сондай-ақ биыл түркиялық "Alsera" компаниясымен Қазақстанда 500 га аумақта жылыжай кешенін салу және араб елдерінің "QazaqArab Sugar" компаниясымен "Қазақстанда қант зауытын салу" жобасы бойынша келісімшарттарға қол қойылды.
Сонымен қатар биыл 8 жоба бойынша қосымша инвестициялық келісімдерге қол қою мүмкіндігі пысықталып жатыр. Ең ірі жобалар:
жүгеріні терең өңдейтін Қытайлық "Fufeng Group" компаниясы,
Алматы облысында тұзды тағамдар шығаратын зауыт құрылысын салатын америкалық "PepsiCo" компаниясы,
бірнеше облыста құрама жем зауыттарын салатын венгриялық "UBM Group" компаниясы,
дәнді дақылдарды терең өңдейтін қытайлық "Dalian Hesheng" компаниясы,
дәнді және бұршақты дақылдарды терең өңдейтін түркиялық "Tiryaki Holding" компаниясы бар.