Алматыда екі бірдей электрик тоққа түсіп қалды

Зардап шеккендердің екеуін де II-III дәрежелі күйік шалған
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 мамыр – Sputnik. Алматығы "Жастар" тұрғын үй кешенінің маңында екі бірдей электр маманы тоққа түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 22 мамыр сағат 13:05-те болған. Тоққа түскен екі электрик ауруханаға жеткізілген.
"Зардап шеккендердің екеуіне де II-III дәрежелі күйік диагнозы қойылған. Пациенттер Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Барлық қажетті қарқынды терапия кешені жүргізіледі", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Ал полиция қылмыстық іс қозғаған.
"Оқиға фактісі бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы тұрғын үй кешенінің аумағында жұмысшылар еңбек ететін компаниямен бірге тексеру жүргізеді. Жағдайдың анық-қанығы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Қолым икемге келмейді": тоққа түскен жігіттің жанайқайына ешкім құлақ асар емес