АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстан отандық өнеркәсіпке "Татнефть" технологиясы мен сараптамасын енгізуге мүдделі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов компанияның бас директоры Наиль Магановпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министр үкімет бірлескен жоспарларды іске асыруда және өзара тиімді ынтымақтастық үшін шешімдер іздеуде сындарлы диалогқа ашық екенін айтты.
Премьер-министр Бектенов "Татнефть" басшысы Магановпен кездесу өткізді
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Сондай-ақ мұнай-газ секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
"Маганов Атырау облысында бутадиен және синтетикалық каучук өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру барысын баяндады", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда мердігер – қытайлық China Tianchen Engineering Corporation инжинирингтік компаниясымен белсенді жұмыс жүргізілуде. Резеңке-техникалық өнеркәсіпте және шиналар өндірісінде пайдалану үшін 60 мың тонна дивинилстирол синтетикалық каучук (ДССК), жол жабындары мен пластмассаларға қажетті 40 мың тонна стирол-бутадиен-стирол каучук (СБС) және жыл сайын жоғары октанды бензин ретінде 40 мың тонна метил-трет-бутил эфирін шығару жоспарланған.
Инвестициялық кезең осы жылдың 1 шілдесінде іске қосылады деп күтіліп отыр.
Кездесу барысында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын "Қаратон Подсолевой" учаскесінде геологиялық барлау жұмыстары да талқыланды. Қазіргі уақытта 5,5 мың метрге терең барлау ұңғымасын бұрғылау жүріп жатыр.