https://sputnik.kz/20250521/qazaqstan-onerkasipke-tatneft-tekhnologiyasyn-engizuge-muddeli--bektenov-53754028.html
Қазақстан өнеркәсіпке "Татнефть" технологиясын енгізуге мүдделі – Бектенов
Қазақстан өнеркәсіпке "Татнефть" технологиясын енгізуге мүдделі – Бектенов
Sputnik Қазақстан
Олжас Бектенов компанияның бас директоры Наиль Магановпен кездесті 21.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-21T15:40+0500
2025-05-21T15:40+0500
2025-05-21T15:41+0500
олжас бектенов
жаңа технологиялар
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/17/48755880_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_4fced9ea9c9d878185fa16f94ce36874.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстан отандық өнеркәсіпке "Татнефть" технологиясы мен сараптамасын енгізуге мүдделі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов компанияның бас директоры Наиль Магановпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Премьер-министр үкімет бірлескен жоспарларды іске асыруда және өзара тиімді ынтымақтастық үшін шешімдер іздеуде сындарлы диалогқа ашық екенін айтты.Сондай-ақ мұнай-газ секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.Бүгінгі таңда мердігер – қытайлық China Tianchen Engineering Corporation инжинирингтік компаниясымен белсенді жұмыс жүргізілуде. Резеңке-техникалық өнеркәсіпте және шиналар өндірісінде пайдалану үшін 60 мың тонна дивинилстирол синтетикалық каучук (ДССК), жол жабындары мен пластмассаларға қажетті 40 мың тонна стирол-бутадиен-стирол каучук (СБС) және жыл сайын жоғары октанды бензин ретінде 40 мың тонна метил-трет-бутил эфирін шығару жоспарланған.Инвестициялық кезең осы жылдың 1 шілдесінде іске қосылады деп күтіліп отыр.Кездесу барысында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын "Қаратон Подсолевой" учаскесінде геологиялық барлау жұмыстары да талқыланды. Қазіргі уақытта 5,5 мың метрге терең барлау ұңғымасын бұрғылау жүріп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/17/48755880_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c7f2b8b455002c04574db38468aaec56.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов, жаңа технологиялар
олжас бектенов, жаңа технологиялар
Қазақстан өнеркәсіпке "Татнефть" технологиясын енгізуге мүдделі – Бектенов
15:40 21.05.2025 (жаңартылды: 15:41 21.05.2025) Олжас Бектенов компанияның бас директоры Наиль Магановпен кездесті
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстан отандық өнеркәсіпке "Татнефть" технологиясы мен сараптамасын енгізуге мүдделі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов компанияның бас директоры Наиль Магановпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министр үкімет бірлескен жоспарларды іске асыруда және өзара тиімді ынтымақтастық үшін шешімдер іздеуде сындарлы диалогқа ашық екенін айтты.
Сондай-ақ мұнай-газ секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
"Маганов Атырау облысында бутадиен және синтетикалық каучук өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру барысын баяндады", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда мердігер – қытайлық China Tianchen Engineering Corporation инжинирингтік компаниясымен белсенді жұмыс жүргізілуде. Резеңке-техникалық өнеркәсіпте және шиналар өндірісінде пайдалану үшін 60 мың тонна дивинилстирол синтетикалық каучук (ДССК), жол жабындары мен пластмассаларға қажетті 40 мың тонна стирол-бутадиен-стирол каучук (СБС) және жыл сайын жоғары октанды бензин ретінде 40 мың тонна метил-трет-бутил эфирін шығару жоспарланған.
Инвестициялық кезең осы жылдың 1 шілдесінде іске қосылады деп күтіліп отыр.
Кездесу барысында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын "Қаратон Подсолевой" учаскесінде геологиялық барлау жұмыстары да талқыланды. Қазіргі уақытта 5,5 мың метрге терең барлау ұңғымасын бұрғылау жүріп жатыр.