ЕАЭО орталық банктері Астанада қаржылық тұрақтылық мәселесін талқылады

Семинар аясында ЕАЭО елдерінің қаржы реттеуші өкілдері оны қамтамасыз ету тәжірибесімен алмасты
Sputnik
АСТАНА, 21 мамыр - Sputnik. Қазақстан Ұлттық Банкі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сарапшыларына қаржылық тұрақтылық бойынша семинар өткізді, деп хабарлады банк.
Қазақстан, Ресей, Армения және Беларусь орталық банктерінің өкілдері қаржы жүйесінің тұрақтылық факторларын, заманауи тәуекелдер мен сын-қатерлерді, тұрақтылықты қамтамасыз ету стратегияларын талқылады.
Семинар аясында ЕАЭО қаржы реттеушілері осы мәселелер бойынша тәжірибе алмасты.
Еуразия экономикалық комиссияда есебі бойынша Одақ елдері арасында ұлттық валютадағы мәмілелердің үлесі рекордтық 93%-ке жетті.
Бұл ретте ЕАЭО-ның сыртқы борышы 2025 жылдың басында 26 млрд долларға қысқарды.
"Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жиынтық сыртқы борышы өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ке қысқарып, 518,1 млрд доллар болды", - делінген ЕЭК хабарламасында.
ЕАЭО-ның сыртқы қарызы 4,9%-ға қысқарды