ЕАЭО-ның сыртқы қарызы 4,9%-ға қысқарды

© Sputnik / Владислав ВодневТеңге, валюта
Теңге, валюта - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Жазылу
Қазақстанда аздаған өсім байқалады
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. ЕАЭО-ның сыртқы қарызы 2025 жылдың басынан бері 26 миллиард долларға қысқарды, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.
"Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жалпы сыртқы қарызы өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ға азайып, 518,1 млрд долларды құрады", - делінген хабарламада.
Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда сыртқы қарыздың ең көп төмендеуі Ресейде (8,8%-ға) және Беларусьте (4,4%-ға) байқалды.
Армения мен Қырғызстанда сәйкесінше 4,7% және 12,8% өсім бар.
Қазақстанда 0,7% деңгейінде шамалы өсім тіркелді.
ЕАЭС нышандары - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Ресей мен ЕАЭО елдері арасында ұлттық валютадағы транзакция үлесі 93%-ға жетті
Жаңалықтар
0