АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғарғы 140 балл жинаған оқушы Түркістан облысында тұрады.
Жәнібек Әбілхан - Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі.
Жәнібек бұл мектеп-гимназияда 1-ші сыныптан бастап білім алып келеді.
Оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған.
"Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек бала күнінен ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі - табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі", - деп жазды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.