Тоқаев Будапештке не үшін барды

Бүгін президент Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізеді
Sputnik
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапештке барды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы бүгін Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізеді.
Түркі мемлекеттерінің ұйымы (бұрынғы Түркі кеңесі) — түркі тілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым. Түркі кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Нахшыван қаласында құрылған.
1992 жылдан бастап Түрік тілдес мемлекеттердің Саммиті өткізіледі. 2009 жылдың 3 қазаны - Нахчыван келісіміне қол қойылды. Ұйымның орталығы Ыстанбұлда орналасқан.
Ұйымға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдері кірді. Ал Мажарстан, Түрікменстан, Солтүстік Кипр бақылаушы мемлекеттер қатарында.
Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағалауына 100 мыңға жуық адам жиналды