ЕАЭО елдері ғылыми атақтарды өзара тануға дайындық жасап жатыр

Құжат ЕАЭО елдерінде ғалымдарды жұмысқа орналастыру үшін қосымша ынталандырады
Sputnik
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімнің жобасын мақұлдап, ЕАЭО елдеріне ішкі келісімге жіберді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде берілген ғылыми атақтар туралы құжаттарды тікелей тануды көздейді. Олардың иесі басқа қатысушы елдердегі кәсіби ғылыми қызметке орналаса алуға тиіс.
"Құжат ЕАЭО елдерінде ғалымдарды жұмысқа орналастыру үшін қосымша ынталандырады, ғылыми ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамытуға ықпал етеді. Бұл құрал дарынды мамандарды тартады және біздің елдердегі инновацияны дамытуға ынталандырады деп сенемін", - деді ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов.
2024 жылдың мамырында ЕАЭО-ның ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімі күшіне енді.
ЕАЭО мен Моңғолия уақытша сауда келісімі бойынша келіссөздерді аяқтады