ЕАЭО мен Моңғолия уақытша сауда келісімі бойынша келіссөздерді аяқтады

© Photo : Пресс-служба ЕЭКАндрей Слепнев
Андрей Слепнев - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
Құжат әр тараптан 367 тауар субпозициясын қамтиды
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. ЕАЭО мен Моңғолия уақытша сауда келісімі бойынша келіссөздерді аяқтады, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімінің жобасын мақұлдады және оны мемлекетішілік рәсімдер үшін ұйымға мүше мемлекеттерге жіберді.
"Моңғолия тарапымен жүргізілген қосымша консультациялардың қорытындысы бойынша біз серіктеспен уақытша сауда келісіміне қол қою үшін қажетті рәсімдерді бастадық. Құжат әр тараптан 367 тауар субпозициясын қамтиды", - деді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Ол келісімге қол қойылып, күшіне енгеннен кейін ЕАЭО елдері Моңғолия нарығына мынадай позициялар бойынша жеңілдікке ие болатынын хабарлады:
жарма – бидай, арпа, жүгері;
ет өнімдері - шошқа еті, тауық еті;
сүт өнімдері - құрғақ сүт, йогурттар, ірімшік, май;
бал, өсімдік майлары - күнбағыс және соя;
қант;
металлургиялық өнімдер – ферроқорытпалар, құбырлар және т.б.
Сондай-ақ автомобильдер, автобустар, жүк көліктері, арнайы техникалар, автокомпоненттер, тіркемелер сияқты моторлы көлік құралдары бар. Химия өнеркәсібінің өнімдері де қарастырылған.
ЕАЭО жаһандық сауда қақтығыстары: сынақтар мен мүмкіндіктер - телекөпір   - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
ЕАЭО жаһандық сауда қақтығысы жағдайында: сынақтар мен мүмкіндіктер - телекөпір
Жаңалықтар
0