Қызылорда қаласындағы ЖЭО-ны жөндеуге 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Қазіргі таңда Оңтүстік қазандықтың негізгі жабдықтары апатты жағдайда және резервтік қуатсыз жұмыс істеп тұр
Sputnik
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Қызылорда қаласындағы ЖЭО жөндеу жұмыстарына 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Атап айтқанда, қаражат Қызылорда қаласы тұрғындарын орталықтандырылған жылумен жабдықтауды 3 көзден: негізгі ЖЭО, Оңтүстік және автономды қазандықтар арқылы қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын "Қызылорда жылу электр орталығы" МКК-ға бағытталады.
Қазіргі таңда Оңтүстік қазандықтың негізгі жабдықтары апатты жағдайда және резервтік қуатсыз жұмыс істеп тұр.
Оларды реконструкциялау жобасын жүзеге асыру 2024 жылы басталған, үкімет резервінен 2,04 млрд теңге, облыстық бюджеттен 655 млн теңге бөлінген болатын.
Жобаның аяқталуы алдағы жылыту маусымына дайындалуға және қаланың оңтүстік бөлігі тұрғындарын, яғни 197 көппәтерлі тұрғын үй кешенін, 73 әлеуметтік және 69 шаруашылық нысанды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Үкімет Жезқазғанның ауыз су жүйесін жаңғыртуға қаражат бөлді