Қазақстан KazanForum-да сауданы цифрландырудағы тәжірибесін ұсынды

Делегация "Тауар айналымын қадағалаудың ақпараттық жүйесін" таныстырды
Sputnik
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстан KazanForum 2025 алаңында сауданы цифрландырудағы жетістіктерін таныстырды, - деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.
Татарстанда өткен KazanForum 2025 форумында сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов бастаған делегация цифрландыру тақырыбындағы пленарлық отырысқа қатысты.
"Вице-министр "Ресей – Қазақстан сауда-өнеркәсіптік диалогы" аясында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылап, Қазақстанның саудадағы цифрлық жетістіктері мен тауар айналымының негізгі көрсеткіштерін ұсынды", - делінген хабарламада.
Дөңгелек үстелде Қазақстан саудадағы цифрлық жетістіктерін таныстырып, Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымының негізгі көрсеткіштерін ұсынды.
KazanForum-да 103 елдің өкілдері бас қосады